Эмоционалды интеллектінің негізгі 5 қағидасы

Get Started. It's Free
or sign up with your email address
Эмоционалды интеллектінің негізгі 5 қағидасы by Mind Map: Эмоционалды интеллектінің негізгі 5 қағидасы

1. 1.Өзіміздің эмоциямызды тану.

1.1. Өз сезімімізді сырттан қарап тұрғандай көре білу. Ол дегеніміз белгілі бір сəттегі (ситуацияда) сезіміңізді көре білуіңіз.

2. 2.Эмоциямызды (сезімді) бақылуда ұстау.

2.1. Яғни, эмоциямызды басқара білу. Мысалы, ашуланғанда сабыр ете білу. Ашудың өкінішке алып барар салдары болатынын сезе біліп, дер кезінде тоқтата білу. Мұндай қабілеті төмен адамдар өмірде үлкен қиыншылықтарға соқтығысуы мүмкін. Ал, өз эмоциясын уысында ұстайтын адамдар өмірдегі қиыншылықтар мен келеңсіз жайттардан жол тауып, шыға біледі екен.

3. 3.Өзімізге мотивация беру.

3.1. Эмоциямызды өзіміздің нақты мақсатымыз үшін қолданып, бағыттай білсек, зейініміз де, шығармашылығымыз да, біліктілігіміз де артады екен. Мұндай қабілетке ие адамдар жұмысты өнімді атқарады. Сол үшін эмоциямызды дұрыс басқару мақсатқа жетудің жолы екенін есімізге түсіріп отыру қажет.

4. 4.Басқалардың эмоциясын байқай білу

4.1. Басқаша айтсақ, эмпатия. Эмпатия дегеніміз - басқа адамның сезіп тұрғанын сезе білу немесе сол адамның орнына өзімізді қоя білу қабілеттілігі. Эмпатиясы жоғары адам жанындағы адамдардың не қалап тұрғанын немесе нені қажет ететінін сезе біледі. Мұндай қасиетке ие адамдар саудада, ұстаздықта, басқаруда үлкен жетістіктерге жетіп жатады.

5. 5Жақсы қарым-қатынас құра білу.

5.1. Бұл дегеніміз қоғамда, ортамызда, бетпе-бет сөйлесуде адамдармен жағымды, оң қарым-қатынас құра білу қасиеті.